• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 16:17:10
Алматы
+35°

Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев Үкімет басшысы Асқар Мамин Парламентке келіп, коронавируспен қалай күрес жүргізіп жатқаны туралы толық есеп беруін сұрады. Бұл туралы ол мәжіліс отырысында айтты.

– Құрметті Асқар Ұзақбайұлы. Сізді парламентке келіп, халықтың, халық қалаулыларының алдында есеп беруіңзді өтінемін. Коронавируспен күресте қандай жұмыстар атқарылды, бөлінген ақша қалай жұмсалды? Неше адам қаза тапты, жағдайдың қиындауына не себеп болды? Министр кетті, бірақ болған оқиғаға кім жауап береді?, – деп сауал жолдады Әлтаев.

Мемлекет коронавирус індетімен күреске жалпы экономика мен әлеуметтік жағдайға алты ай ішінде 7 трлн теңгеге жуық ақша жұмсаған. Депутат оған дейінгі кезеңнен бастап миллиардтаған қаражаттың қайда кеткенін түсінбейтінін жеткізді.

Айта кетейік, кеше мәжіліс отырысында бірнеше депутаттың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір