03 Қыркүйек, 2020 NEWS
Getty
"Үндістан әскері түн ішінде Қытайға тосын басып кіріп, шиеленіс басталды" деп хабарлайды Yahoo News.
Операция барысында Үндістан күштері Қытаймен шекарадағы негізгі форпостты басып алған. Басылымның ақпаратынша, бұл қадам жаһандық қақтығысқа әкелуі мүмкін, екі аймақтық держава арасындағы ашық соғыстың жаңа үрейін тудырды.
Yahoo News-пен сөйлескен Үндістан шенеуніктерінің мәліметінше, үнді әскерлері Пангонг көлінің стратегиялық нүктесіне жету үшін Гималай тауларына алты сағат бойы көтерілген.
"Бұл қадам жақында Қытай әскерлерінің шекараға басып кіруіне жауап ретінде жасалды" деп хабарланды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір