03 Қыркүйек, 2020 NEWS
Фото: qamshy.kz
Kozachkov offside Telegram арнасында өскемендік прокурордың билеп жүрген видеосы жарияланды.
Видеода би алаңында билеп жүрген адамдар көрсетілген. Жазба авторының айтуынша, олардың арасында Өскемен қаласының прокуроры да бар. Ол камераға әуелі өзін, содан соң жанындағы қызды түсірген.
"Өскемендік прокурорлар, жарайсыңдар! Жақсы жұмыс істейді, жақсы демалады! Бірақ бір сұрақ бар: видео карантин уақытында түсірілген емес пе?" делінген жазбада.
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі бұл видеоға қатысты фактілер тексеріліп жатқанын хабарлады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір