Зейнетақы жинағындағы қаржы кімдерге тиесілі? Бағдарламадағы жаңа өзгерістер

/image/2020/09/04/crop-120_3_718x958_075015878300.jpeg

Үкімет Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу жоспарларын жариялады. "Қамшы" тілшісі жаңа енгізілген өзгерістерге шолу жасап шықты.

Зейнетақы жинағының бір бөлігін кімдер ала алады?

Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов бірінші кезекте жұмыс істеген, жұмыс істеп жүрген азаматтар, яғни бірыңғай зейнетақы қорында жарналары бар азаматтардың жиналған сомасы жеткілікті шегінен асып жатса ала алады. Мұндай азаматтар қатары 530 мыңды құрайды.

Екінші, зейнет жасына жеткен адамдар олардың жинақтаушы қорында қаражаты бар болса, ол кісілер 50 пайызға дейін ала алады. Мұндай кісілердің саны – 178 мыңнан асады. Оның ішінде құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне де таратылып беріледі.

Үшінші, зейнетақылық аннуитетті рәсімдеген азаматтар, яғни жинақтаушы қорынан сақтандыру қорына аударғаннан кейін қорда қаражаттары қалған болса, оларды толығымен алуға болады. Мұндай азаматтар саны – 13 300.

Зейнетақы жинақтарының "жеткілікті шегі" қандай?

Зейнетақы жинақтарының жеткілікті шегі – зейнетақы жинағындағы ең аз қажетті сома. Ол әр адамның жасына сәйкес белгіленеді. Сондай-ақ, бұл жолы ерлер мен әйелдер үшін жас шамасы бірдей болады. 

 

Жеткіліктілік шегінің мөлшері

Аталған қаржылары бар азаматтардың қажетті ақшаны алуға құқығы бар.

Уақытынан бұрын алынған зейнетақы жинақтарын қайда жұмсауға болады?

1) Баспана сатып алуға;

2) Қажетті ем-домға;

3) Қаржы компанияларға басқару үшін аударуға;

Министр Нұрымбетовтың айтуынша, қаражатты тұрғын үй немесе жер учаскесін сатып алуға жұмсауға болады. Сондай-ақ бастапқы, жаңа үй емес, қайталама нарықтағы "екінші реттік" үйді де сатып алуға мүмкіндігі бар. 

Айта кетейік, бұл қаржы арқылы ипотека қарызын да өтеуге болады.

Жинағының бір бөлігінен сатып алынған үйді тек 5 жылдан кейін ғана сатуға мүмкіндігі болуы мүмкін.

Жинақтың бір бөлігін ем-домға қалай жұмсайды?

Емделуге ақы төлеу үшін денсаулық сақтау басқармалары (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар) жанынан арнайы құрылған комиссияларға жүгінеді. Комиссия қорытындысы шыққаннан кейін, клиника таңдалып, зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалану жөніндегі уәкілетті операторға өтішін жібереді.

Жинақтарының бір бөлігін өзіңіздің, жұбайыңыздың немесе жақын туыстардың ем-домының қаражатын өтеу үшін де пайдалануға болады.

Медицина көмегін зейнетақы жинағынан төлеу ережесін денсаулық сақтау министрлігі белгілейді.

Сенімгерлік басқаруға беру қалай жүзеге асады?

Қазақстандықтар зейнетақының бір бөлігін қаржы компаниясының басқаруына беру үшін пайдалана алады. Салымшы жеке қаржы компаниясын таңдауды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына  өтініш беру арқылы жүзеге асырады.

Негізгі қағидаларын қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айқындайтын болады.

Азаматтар жинақтың бір бөлігін кімдерге пайдалана алады?

Жинағының бір бөлігінің шешіп алатындар қаржыны тек өзіне ғана емес, жұбайы мен жақын туыстары үшін де пайдалана алады. Заң бойынша, жақын туыстарына ата-әжесі, ата-анасы, балалары, немерелері, бауырлары, яғни әпке-сіңлісі, қарындасы, аға-інісі жатады. 

Айта кетейік, зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға 2021 жылдан бастап рұқсат етіледі.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар