• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 06:04:49
Алматы
+35°

Ұрланған жылқыларын тауып берген Түркістан облысының полицейлеріне тұрғындар алғыс айтты
Өздеріңізге белгілі, Түркістан облысының полицейлері 6 ауданнан мал ұрлаған 2 қылмыстық топты ұстады. Тәртіп сақшылары 2019-2020 жылдар аралығында тұрғындардың қора-жайларынан, жайылымдардан ұрланған жалпы 78 бас малдың, 42-сін күдіктілерден тәркілеп алып, заңды иелеріне қайтарды.
Өз кезегінде жоғын тауып берген полицейлерге тұрғындар шынайы ризашылығын жеткізді. Мәселен, Төлеби ауданының тұрғыны Омархан Тұрлыбеков: «2020 жылы шілде айының 31-і күні екі айғырымды барымташылар ұрлап кетті. Полицияға арыздандым. Енді міне полицейлерден қуанышты хабар естіп, малымды қайтарып алдым. Күдіктілер ұсталыпты. Жарайсыздар!»-деп атап өтті.
Одан бөлек, Қаратөбе елдімекенінің тұрғыны Жайшыбек есімді азамат өзінің көкпарға қатысатын екі жылқысын ұрылар қолды еткенін жеткізді. «Үйімнен, қорамды бұзу арқылы әкетіп қалған жылқыларымды тәртіп сақшылары тауып берді. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін!» -деп шынайы қуанышын жеткізді.
Сонымен қатар, Қасқасу аулының тұрғыны Нұрғали Лесбеков, Оңтүстік ауылының тұрғыны Ройзиман Ахметов, Қаратөбе ауылының тұрғыны Бекзат Сыналиев, Жамбыл аулының тұрғыны Әбділда Бақдәулеттер де бірнеше ай алдын ұрланған жылқыларын тауып берген полицейлердің еңбегін жоғары бағалады. Жәбірленуші тұрғындар жедел-іздестіріп, өздерінің кәсіби шеберлігі мен қырағылықтарының арқасында осындай үлкен нәтиже жеткен полицейлерге алғыстарын жаудырды. Және тәртіп сақшыларына сенім білдіріп, қиын да қауіпті салада атқарып жатқан қызметтеріне биік абырой тіледі.
Естеріңізге салайық, бүгінгі таңда 8 күдікті қамауға алынды. Олар Түркістан мен Шымкент қаласының тұрғындары. Сондай-ақ ұрланған малдарды сатып алып отырған 4 тұлға ұсталды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция.кз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір