• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:27:05
Алматы
+35°

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мегаполисте Жастар Ресурстық Орталықтары мен халықты Жұмыспен Қамту орталығы белсенді жұмыс істейді.

Орталықтардың басты міндеті – жұмыс тәжірибесі жоқ (29 жастан аспаған) жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. «Жастар практикасы бағдарламасына» осы критерийлерге сәйкес келетін жастар қатыса алады, бұл мамандық бойынша одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға, сондай-ақ еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді.

Жастар тәжірибесінің ұзақтығы – 6 ай. Бір айдағы еңбекақы 69 450 теңгені құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны және банктік қызметтерді ескере отырып). Егер жас маман өзін жақсы көрсетсе, жұмыс берушіге ұнаса, онда компанияда одан әрі ресми жұмысқа орналасу мүмкін.

Жалпы, осы бағдарлама аясында жастарды жұмысқа орналастыру бойынша екі кезең іске асырылды. Бірінші кезең аясында қоғамдық негізде жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының арқасында 157 адам жұмысқа орналастырылды.

Ағымдағы жылдың 12 тамызында «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының екінші кезеңі басталды. Бүгінгі күні 2395 өтініш келіп түсті.

Бүгінгі таңда қаланың жастар ресурстық орталықтары (бұдан әрі – ЖРО) аудан жастарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, қаланың жас тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жұмыспен қамту орталығының мамандары 8 ауданда ЖРО-да халықты қабылдайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір