07 Қыркүйек, 2020 NEWS

Германия Навальныйдың улану оқиғасына байланысты Ресейге қысым жасады

Getty

Германия Алексей Навальныйдың улану оқиғасына байланысты Кремльге қысым жасауда. Ресей оппозиционерінің тергеуіне Мәскеу тарапынан ынтамақтастық жасалмаса, германиялық шенеунік Берлиннің Ресеймен бірлескен ауқымды газ құбыры жобасын қайта қарастыруы мүмкін екенін ескертті.

Жексенбіде Германияның сыртқы істер министрі Мәскеу тергеуге үлес қоспаса, Ресеймен бірлескен ауқымды газ құбыры жобасы қайта қарастыруға "мәжбүрлеуі" мүмкін екенін мәлімдеді.

– Ресейліктер бізді газ құбырына қатысты өз ұстанымымызды өзгертуге мәжбүр етпейді деп үміттенемін. Егер жақын күндері тергеуге қатысты Ресей тарапынан ешқандай дұрыс әрекет болмаса, біз серіктестерімізбен кеңесуіміз керек,–деп сұхбат берген Германияның сыртқы істер министрі Хайко Маас "Bild am Sonntag" газетіне.

 

 

Ілмек сөздер: Германия Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір