• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:37:00
Алматы
+35°

Конституция сөзінің латын тілінен тура аудармасы «құрылым, құрылыс» дегенді білдіреді. Яғни белгілі бір денені, затты, объектіні танығымыз келсе, ең алдымен, оның құрылысына (конституциясына) зер салғанымыз маңызды. Бұл туралы заң ғылымдарының кандидаты Меруерт Мұратханова тілдесу барысында айтты.

Ата Заңымыздың 4-бабына сәйкес, Конституция – ең жоғары заңды күші бар нормативтік-құқықтық акт. Атап айтқанда, азат еліміздің елдігін де, жұртымыздың теңдігін де, шекарамыздың кеңдігін де заңи тұрғыдан бекітетін ресми құжат, бұл – Конституция.

"Қазақ жұртшылығына аса қасиетті Заңның 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдум нәтижесінде қабылданғаны мәлім. Бұл күннің республикалық деңгейде атап өтілуінен, Конституцияның мемлекет өміріндегі рөлінің қаншалықты маңызды екенін ұғынуға болады. Конституция сөзінің латын тілінен тура аудармасы «құрылым, құрылыс» дегенді білдіреді. Яғни белгілі бір денені, затты, объектіні танығымыз келсе, ең алдымен, оның құрылысына (конституциясына) зер салғанымыз маңызды. 30 тамыз күнгі айтулы мерекенің басты себепкері –  Конституциямыздың маңыздылығы да соншалық. Бүкіл әлем елдеріне Қазақстан Республикасы деген егеменді елдің бар екенін, оның құрылымы мен құрылысын, саяси, экономикалық өмірін айқындаушы басты құжат – 9 бөлім, 98 баптан құралған Қазақстан Республикасының Конституциясы", - дейді М.Мұратханова.

Сонымен қатар, ол Қазақстан халқын  биыл 25 жыл толып отырған Конституция күнімен құттықтады.

"Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, біріге отырып қабылдаған Конституциямыздың 25-жылдығы барша қазақстандықтарға құтты болсын! Қазақстандай тәуелсіз мемлекеттің мызғымас тұғырына айналған Конституцияның азаматтардың ғұмырына адал қызмет етуі үздіксіз жалғасын тауып, мәртебеміз биік, мерейіміз үстем болсын!", - деді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Конституция Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір