• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:46:53
Алматы
+35°

Жемқорлықтың, кейбір құзырлы органдардағы қателіктен халық алдында заң жұмыс істемейтін, оның кейбір адамдарға қатысы жоқ сияқты иллюзия пайда болады. Бұл жайында саясаттанушы Қазбек Майгелдинов «Желмая» жобасында айтты.

Оның айтуынша, Ата Заң кез келген мемлекеттің басты постулаты. Яғни осы заңға бет бұрамыз, соған бағынамыз. Ата Заң біздің ең бетке ұстар заң.

"Конституция ұғымы алғаш 1789 жылы Америка құрама штаттарында енгізілді. Одан кейін Еуропаның Франция, Польша елдерінде тарай бастады. Бүгінгі таңда Конституциясы бар мемлекеттер көпшілік, дегенмен Еруопаның дамыған мемлекеттері ішінде Конституциясы жоқ елдер де бар. Мысал ретінде Ұлыбританияны алуға болады, олардың өз  билік заңы бар. Яғни Еркіндік негіздері деген заң жобасы бар. Олар сонау англо-саксондық заманнан келе жатқан сол заңға сүйенеді. Израилде үкімет, президент, халық туралы заңдары бар, бірақ Конституция деген мұғым жоқ. Бұдан кез келген ел өзіңнің басты заңы бар екенін көреміз. Оны Конституция немесе негізгі заң деп атайма ол өз таңдаулары",-дейді саясаттанушы. 

Сонымен қатар, ол ҚР Конституциясы осы уақытқа дейін неліктен төрт рет өзгергенін айтып берді. 

"Біздің қазір қолданып жүрген Конституциямыз 1995 жылы қабылданған. Оның ерекшелігі Кеңес үкіметінің сарқыншақтарынан арылу болды. Мысалы, 1995 жылға дейін бізде Парламент деген ұғым мүлдем болған жоқ. Оның орнына Жоғарғы кеңес деген болды, ол сонау кеңес заманынан қалған құрылым. Міне, осы жаңа Конституция бойынша бізде Парламент құрылды, жоғарғы және төменгі палата және басқа да өзгешщеліктер енгізілді. Осы күнге дейін біздің Конституция төрт рет өзгерді. Егер әлемдегі Конституцияларға анализ жасасақ ол 10-15 жылда өзгеріп тұрады. Мысалы, 1994 жылы Белгия жаңа Конституция қабылдады, олар бұрыннан тәуелсіз ел, солнда да өзгертті. 1999 жылы Швецария жаңа Конституция қабылдап, осы күнге дейін оннан астам өзгеріс енгізді. Бұл әлемдік тенденция. Ол заман талабына, қоғамдағы белгілі бір формацияның өзгеру әсерінен болып отырады. Ал, біз Кеңестік формациядан нарықтық жағдайға көштік. Міне осындай жағдайдың салдарынан өзгерістер еңгізуге мәжбүр болдық",-дейді ол.  

Сонымен қатар, ол заң дұрыс болғанымен оның орындалу жағы нашар болуы мүмкін деген ойын білдірді.

"Заңға бағынатын және оны ескермейтіндер болады. Мысалы, жол тәртібін бұзған Мақсат Үсеновке қатысты қоғамда үлкен резонансты оқиға болды. Ол көлігімен бір рет адам қақты, екінші рет тағы соққан кезде адам өлімімен аяқталды. Нәтижесінде ол өзінің нақты жазасын алған жоқ. Сонда халықта «заң біреуге жазылған, жазылмаған ба?» деген сұрақ пайда болды. Мұның барлығы сайып келгенде жемқорлық, ІІМ мен сот отырысында жіберілген қателіктер. Соның нәтижесінде бұл заң жұмыс істемей тұрған сияқты иллюзия пайда болды",-деді Қазбек Майгелдинов.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір