• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:21:34
+35°

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Конституция күнімен құттықтады. 

"Құрметті алматылықтар! Сіздерді Ата Заң күнімен құттықтаймын! Ата Заңда бекітілген қағидаттар мен нормалардың тұрақтылығы — бұл азаматтардың, бүкіл халқымыздың мүддесі үшін қазақстандық мемлекеттілікті нығайтудың іргетасы", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Ол әрбір қазақстандық ел болашағы үшін, ел мүддесі үшін жұмыс істеп жатқанын айтты. 

"Тек мықты әрі дербес мемлекет қана өз азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғап, еліміздің, соның ішінде қаламыздың табысты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті болмақ. Біз бәріміз болашағымыз үшін, ел мүддесі үшін жұмыс істеп жатырмыз! Әрқашанда жақсылық болсын", - деді әкім.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір