• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:52:19
Алматы
+35°

09 Қыркүйек, 2020 NEWS

Әлемдегі ең алда келе жатқан коронавирус вакцинасы адамға кері әсер беріп, тоқтатылды

Ресей мен Қытай коронавирус вакциналарын қолдануды бастап кеткен тұтса, әледмдегі ең алда келе жатқан вакциналардың бірі есептелетін Ұлбританияның Оксфорд вакцинасы адамдарға кері әсер беріп, тоқатылды.

Рейтерс

AstraZeneca және Оксфорд университеті әзірлеген коронавирустық вакцинаның соңғы клиникалық сынақтары қатысушының кері реакциясынан кейін тоқтатылды. AstraZeneca оны "түсініксіз ауру" жағдайындағы "әдеттегі" кідіріс деп сипаттады.

Вакцина сынақтарының нәтижесі бүкіл әлемде мұқият бақыланады. AstraZeneca-Oxford University вакцинасы әлемде дамып келе жатқан ондаған вакциналардың арасында мықты бәсекелес ретінде қарастырылады.

Вакцина нарықта алғашқылардың бірі болып, сынақтың 1 және 2 кезеңдерінен сәтті өткен. Соңғы апталарда 3-ші кезең сынағына 30,000 адам қатысқан. Қатысушылар АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия және Оңтүстік Африка тұрғындары. BBC ақпаратына сәйкес, вакциналардың 3-ші кезеңіндегі сынақтар көбінесе мыңдаған қатысушыларды қамтиды және бірнеше жылға созылуы мүмкін.

ДДСҰ не дейді?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) "вакцинаның 180-ге жуық үміткері бүкіл әлемде сынақтан өтіп жатыр, бірақ олардың ешқайсысы клиникалық сынақтарды әлі аяқтаған жоқ" дейді.

Ұйым биыл вакцина тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша нұсқаулыққа сәйкес келеді деп күтпейді, өйткені оларды қауіпсіз тексеруге уақыт кетеді.

Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер федерациясының бас директоры Томас Куени де осындай пікірлер айтты. 

Қытай мен Ресейдің вакцинасы қай кезеңде? 

Осыған қарамастан, Қытай мен Ресей кейбір негізгі жұмысшыларға отандық вакциналарды егуді бастап кеткен. Олардың барлығы ДДСҰ тізімінде клиникалық зерттеулерге жатқызылған.

Бұған дейін ДДСҰ 7 институт вакцинаны сынаудың соңғы кезеңіне жеткенін жариялаған. Соңғы кезеңге жеткен вакциналарды дайындаған елдер қатарында Қытай (4 институт), АҚШ (1 институт), Ұлыбритания (1 институт) және Австралия (1 институт) бар екендігі хабарланған. ДДСҰ Ресейдің коронавирус вакциналары өзге вакциналардан едауір артта қалғаны жайында ескерткен. Тіпті ДДСҰ Ресей вакцинасынан сақ болуға шақырып, осы уақытқа дейін Ресейде екінші немесе үшінші кезең сынақтары тіркелмегенін мәлімдеген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Коронавирус вакцина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір