• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 17:22:07
Алматы
+12°

"Алматы" телеарнасы Ұлы Отан соғысы кезінде алматылықтардың және қалаға көшірілген азаматтардың өмірі жайлы "Алматы жүрегімде" атты жаңа телехикая түсірді.

Бүгін "Алматы жүрегімде" телехикаясының алдын ала көрсетілімі Zoom бағдарламасы арқылы онлайн-форматта өтті.

Ал көрермен жаңа телехикаяны "Алматы" телеарнасынан 14 қыркүйекте кешкі сағат 20:35-те тамашалай алады. Онда кейіпкерлер басқа түскен қайғы-қасіретке қарамастан, жарқын болашақтан күдер үзбей, кедергілерге мойымай, бақыт үшін күреседі.

"Алматы жүрегімде" атты жаңа телехикаяда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ зиялыларының өмірі мен қызметі көрініс табады. 1941 жылы қыста Ресейдің танымал жазушысы қызымен бірге Қазақ КСР астанасы Алматыға қоныс аударады. Алла Корчевская дарынды, әрі жас опера әншісі. Зұлмат соғыс басталар алдында анасынан айырылған Алла жабырқаулы күй кешеді. Әкесіне де бұл қаза ауыр тиеді. Эвакуацияланған мәдениет қайраткерлерінің басым бөлігі әйгілі "Лауреатникте" өмір сүрсе, Корчевскийді қазақтың танымал жазушысы өз үйіне шақырады. Қасымовтың ұлы Әмір Аллаға ғашық болады. Әмір - жас, сымбатты, батыр, әрі дарынды музыкант. Ол бойжеткенді Кеңес үкіметінің әйгілі әртісінің қатысуымен өтетін "Бақшасарай субұрқағы" балетіне шақырады. Содан бері Опера театры Алланың өмірінің бір бөлшегіне айналады" делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір