• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:53:26
Алматы
+35°

Қазақстанның соңғы жылдардағы дамуы және пандемия кезіндегі қолдау саясаттары туралы халықаралық ұйымдар мен баспасөз, соның ішінде Дүниежзілік банкХалықаралық валюта қоры және Брюссель Таймс, оң бағаларын берді. 

Әлемге таралған COVID-19 пандемиясы дүниежүзі елдеріне зардабын тигізуде. Коронавирустың зардабы мен келтіретін шығындарына байланысты әлем елдері түрлі алдын алу шараларын қоланып жатыр. Соның қатарында Қазақстан да тиісті саясаттарды қолға алып, әрекет жасауда. Өз кезегінде халықаралық ұйымдар мен БАҚ Қазақстанның пандемия кезіндегі қолдау саясаттары туралы шетел оң баға берген.

Дүниежүзілік банк пандемияның тигізген ауыр зардабына қарамастан, Қазақстан билігінің қабылдаған тиісті шараларын жақсы бағалаған. Ұйым Қазақстан үкіметі COVID-19 таралуын тізгіндеу үшін ерте әрекет еткенін мәлімдеген. Төтенше жағдай жарияланғаннан кейін пандемиямен күресу, карантиндік бақылауды енгізу және коронавирустың әсерінен немесе төтенше жағдайлардың шектелуінен қиындыққа ұшыраған адамдарға қолдау көрсету жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін мемлекеттік комиссия құрылғанын жазған. COVID-19 пандемиясы әлемге тигізген ауыр соққысы сияқты коронавирустың салдары Қазақстан экономикасы үшін соңғы жиырма жылдағы ең үлкен соққы болғанын жазған. Пандемияының әлем елдеріне ЖІӨ-нің өсуіне өте жағымсыз әсер еткенін, мұнайлы елдерде 2009 және 2015 жылдардағы мұнай бағасының құлдырауы жалпы сұранысты қысқартып, қаржы секторының тұрақтылығын шайқалтқанын айта келіп, дегенмен оған қарамастан, жоғарыда айтып кеткендей ерте қабылданған шешімдер мен шаралардың нәтижесінде оң өзгерістер болып жатқанын мәлімдеген. Сондай-ақ, билік дағдарыстан зардап шеккен фирмалар мен үй шаруашылықтарына қолдау көрсету үшін фискалдық пакетті енгізгенін тілге тиек еткен. Пандемияны бақылау және медициналық қызметтерге қол жетімділікті жақсарту жөніндегі осы тиімді тәсіл жалғасуы және күшейтілуі керектігін жариялаған. Дағдарыстан шығу үшін ресурстарды орналастыру және реформалар қажеттігін де айтып кеткен.

Дүинежүзілік банк Қазақстан билігінің уағында шаралар қабылдайтынына болжам айтып, билік мемлекеттік бағдарламалардан білім мен денсаулық сақтаудың жақсаруына, жұмысшылар мен жұмыс берушілерді уақытша қолдауға арналған ресурстарды қайта бөлгісі келуі мүмкін екенін жеткізеді. Дүинежүзілік банктың пікірінше, Орта мерзімді реформа бағдарламасының болуы, сонымен қатар, жеке сектордан ресурстарды тартуға көмектеседі және жаңа мүмкіндіктерге бейімделуге, сонымен қатар, жауап беруге мүмкіндік береді.

Ұйым ақпаратына сәйкес, фискальды және ақшалай ынталандырудың қалпына келуге әсері ұзақ уақытқа созылатын пандемиямен және әлемдік экономиканың ұзаққа созылған құлдырауымен тексеріледі.

Дүниежүзілік банктың Қазақстанға экономикалық болжамы да позитивты болып, биліктің дер кезінде жасаған әрекеті жақсы нәтижелер көрсететінін хабарлайды.

Банктың ақпаратынша, ынталандыру пакеті пандемия басталғаннан кейін экономикалық өсімді қалпына келтіре алады.

Ал, Брюссель Таймстың жазуынша, Қазақстан соңғы 20 жыл ішінде жүздеген миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция тартқан. Қазақстан "скандинавиялық модельмен" дамып, әлеуметтік мемлекет мәртебесіне көшуде. Пандемияға қарамастан, жаңа қолдау шаралар қабыданып, ЖІӨ, өмір сүру деңгейінің жоғарылату және бизнестің дамуы үшін жаңа саясаттар әзірленгені жазылған.

Басылым Қазақстандағы білім беру халықаралық стандартқа негізделіп, соған күш-жігер салып жатқанын да жазып кеткен. Шығармашылық, сыни ойлау, коммуникативтік дағдылар және бірлесіп жұмыс жасау жақтарынан өзгеріс жасап, ілгерлеушіліктерге қол жеткізгені айтылған.  Брюссель Таймстың ақпаратынша, сапалы және қол жетімді тұрғын үй, жеңілдетілген ипотека, қолайлы қалалық орта және ішкі істер органдарының өзгеруі - осы аспектілердің барлығы таяу жылдардағы Қазақстанның жаңа әлеуметтік-экономикалық көрінісінің бір бөлігі болуға бағытталған. Елде бизнесті дамытуға қолдауды күшейту бойынша шаралар қабылдануда. Қазақстанда бизнесті бастау шарттары әлемдегі ең тартымды шарттардың бірі болуға тырыуда.  Басылым ақпаратынша, экспортқа бағытталған индустрияландыру Қазақстанның экономикалық саясатының басты элементі болуға күш салуа. Билік өндірістік сектордағы экспорттаушыларды қолдауға бағытталуға жұмыс жасауда.

Халықаралық валюта қоры Қазақстанның күш-жігерін ескеріп, “Дүниежүзілік экономикалық болжам” басылымында елдегі өсу болжамын қайта қараған, “бұл мұнай өндірісінің артуын және мұнайдан тыс өсімнің жоғарылауын көрсетеді” дейді Брюссель Таймс .

Әлемде территориясы жағынан тоғызыншы үлкен ел Қазақстан ауыл шаруашылығына көп сүйенетінін айтып, елдің ауылдарды дамытуға қосымша миллиондаған қаржы жұмсамуда екенін жазады. Басылым Қазақстанның мақсаты 2022 жылға қарай еңбек өнімділігі мен өңделген ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын 250% арттыру екенін, Мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары елге заманауи агротехниканы тартуға бағытталуы керек екенін хабарлайды.

Сонымен қатар, Қазақстанда өзінің қызметін шетелдік серіктестермен бірлесіп инвестициялау қағидаты бойынша жүзеге асыратын шикізаттық емес секторға тікелей инвестициялар қоры құрылатынын, сонымен қатар белсенді азаматтардың әл-ауқатына көмектесетін, белсенді сыртқы саясатты одан әрі жүзеге асырыла отырып, Қазақстанның тіпті де алға ілгерлеуге күш салып жатқанын жазады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір