• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:41:18
Алматы
+35°
 
Тайвань қорғаныс министрлігі шұғыл жиналыс өткізіп, кеше кешке жақын "Қытай сәрсенбі мен бейсенбі күндері таңертеңгі сағат 7-ден түске дейін әуе және теңіз жаттығуларын өткізді" деп мәлімдеді. Бұл жаттығуларды "ауыр арандатушылық" және аймақтағы бейбітшілікке қауіп деп атады.

Министрліктің айтуынша, жаттығулар Тайванның оңтүстік-батыс жағалауы мен Оңтүстік Қытай теңізіндегі Тайвань талап еткен Пратас аралдары арасында өтті.

Бұрынғы Тайвандық әскери офицер бұл 1996 жылдан бергі ең қауіпті жағдай екенін мәлімдеген, себебі Қытай зымыран сынағын өткізіп, Тайваньға қарай үш M-9 баллистикалық зымыранын атқан. 

 
Тайвань қорғаныс министрлігінің барлау қызметкері генерал-майор Янг Чинг Се Қытайды Тайваньның территориясына кіріп, жақын жерде жаттығулар өткізді деп айыптады.
 
Соңғы айларда Оңтүстік Қытай теңізі мен Тайвань мәселесі жайында АҚШ пен Қытайдың арасындағы шиеленіс күшейіп келеді.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тайвань Қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір