• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:15:10
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Юрий Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорда ресми сайты. 

"Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалсын" делінген президент жарлығында.


Бұған дейін 2016 жылдың сәуір айынан бастап Юрий Викторович Ильиннің Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған болатын.

Ильин Юрий Викторович 1968 жылғы 9 сәуірде Ресейдің Куйбышев қаласында туған.

"Құрмет" орденімен (2013 жылы) және 8 мерейтой медалімен марапатталған.

1985 жылдың тамыз айынан бастап И.С. Қонев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанты;

1989 жылдың тамыз айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының73-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі;

1990 жылдың маусым айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының 1-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі;

1992 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстарының оқытушысы;

1993 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстары бастығының орынбасары;

1996 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы оқыту даярлау орталығының аға офицері;

1998 жылдың маусым айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығы;

1999 жылдың маусым айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқарма бастығының орынбасары;

2005 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары; 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқарма бастығының міндетін атқарушы;

2012 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы;

2013 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары;

2015 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы;

2016 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: министр

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір