• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:58:23
Алматы
+35°

Өткен тәулікте Ресейде коронавирустық инфекцияның 5488 жаңа жағдайы тіркелді, 119 адам қайтыс болды, 5428 адам ауруханалардан шығарылды. Бұл туралы Риа Новости хабарлады. 

Коронавирус анықталған 1229 адамда ауру белгілері жоқ (22,4 пайыз). 

Ресейдің барлық 85 аймағында жаңа жағдайлар анықталуда. Олардың көпшілігі Мәскеуде - 670, тағы 203 - Санкт-Петербургте, 170 - Мәскеу облысында, 159 - Ростовта, 156 - Нижний Новгородта тіркелген. Жаңа жағдайлардың ең аз саны - Чукотка және Ненец автономиялық округтарында. Шешенстанда ауру жұқтырған төрт адам, ал Севастопольде жеті адам анықталған.

Ал бір күн бұрын 5504 жаңа жағдай тіркелген. Тәуліктік өсу қарқыны 0,5 пайызды құрады.

Бүкіл пандемия кезінде жұқтырған адамдардың жалпы саны 1 057 362-ге жетті, ішінде 18 484 адам қайтыс болды, 873 535-і айыққан.

ДДСҰ-ның соңғы деректері бойынша әлемде 28 миллион COVID-19 жұқтырған, 906 мың адам қайтыс болды.

Вирус ең көп тараған елдер де анықталды. АҚШ-та - 6,3 млн. Үндістан, Бразилия, Ресей, Перу, Колумбия, Мексика, Оңтүстік Африка, Испания және Аргентина инфекцияға бейім елдердің ондығына кіреді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір