13 Қыркүйек, 2020 Фото-архив
Фото: qamshy.kz
Бүгін, 13 қыркүйек "Демократиялық партия" құру бойынша бастамашыл топ жетекшісі, қоғам белсендісі Жанболат Мамай және оның жақтастары Алматы қаласы Шевченко мен Уәлиханов көшесінің қиылысында орналасқан Шоқан Уәлиханов алаңында ескертілген митинг өткізді. Алаңда болған "Қамшы" тілшісі митингтен арнайы фоторепортаж дайындады.
Митингке 200-ге жуық белсенді қатысып, "Халыққа бір реттік несиелік амнистия жариялау", "Жер шетелдіктерге жалға берілмеуге тиіс!", "Банктерге емес, миллиондаған халыққа қолдау көрсетілсін!", "Макс Бокаевқа бостандық" деген талаптарын айтты.
Қоғам белсендісі Жанболат Мамай билік халықтың тілеген орындамайынша, митингтер жалғаса беретінін жеткізді.
– Біз митингті ресми түрде ескерту форматында өткізіп жатырмыз. Ешкімді ұстамай, қудаламаса адам көбірек шығып, өздерінің талаптарын қойсын дедік. Біз бүгінгі митингке барынша дайындалдық, халықты шақырдық. Әрбір өткен митингтің нәтижесі болады. Көбісі митингтен қорқып қалған, митингті естісе төбе шаштары тік тұрады. Митинг ескертілген форматта, заңның шеңберінде өтті, – дейді Мамай.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір