• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 09:42:44
Алматы
+35°

Фото: Алматы облысы ақпарат орталығы

Алматы облысында кәсіпкер Дәулет Төлеутайдың бастамасымен Түркия елінен Қазақстанға екі жүзден астам кислородты концентраторлар әкелінді.

Күллі Қазақстанға танымал азамат, жас болса да бас бола білген іскер жан, бүгінде қайырымдылық бағытында елеулі жетістіктердің шыңынан көрініп жүрген Дәулет Төлеутай «Дәулеттен» қайырымдылық қоры арқылы дүйім республика аумағына көмек қолын созу үшін халыққа үндеу тастап, қаржы жинаған еді.

Абзал азаматтың бастамасымен Түркия елінен Қазақстанға екі жүзден астам кислородты концентраторлар әкелінген болатын. Бір айта кетерлігі, бұл қайырымдылық қозғалысынан ауданымыз да құр қалмай, орталық ауруханаға қор атынан 1 дана табысталды. Қазіргі жағдайда, бұл құрал әр ауруханаға өте қажетті болып саналады. Сондықтан да аудан халқы атынан аталған қорға шексіз ризашылығымызды айтамыз.

Елде дәрі-дәрмектің жетіспей жатқан соң әр өңірлердегі белсенділер әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, артылған дәрілер туралы ақпарат беріп, тұрғындар арасында үлестіруге кірісті. Ел арасында шетелден дәрі-дәрмек пен қажет құралдар алдыртуға септігін тигізіп жатқан меценаттар қатары жетіп артылады.

Әйтеке Би: «Бақыт деген құс, тақ деген түс, байлық деген мұз. Мәңгілік қалатын қайырымды адал іс», – депті. Тіршілікте тірі жүрген кісінің жамандықтан бұрын жақсылық жасауды ғана ойлап, ұрлық-қарлық емес, қолынан келгенше қоғамға пайда келтіргенінен асқан бақыт жоқ. Елім деген азаматтардың игі ісі көпке үлгі. Жаны жомарт жандарға халықтың ризашылығы шексіз.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір