• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 07:00:50
Алматы
+35°

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында елдегі карантин шаралары жеңілдеп, демалыс күндері кей нысандардың жұмысын қайта бастауына рұқсат берілгені хабарланды.

Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және жұмыс күндері келушілердің ағынын азайту мақсатында демалыс күндері мына нысандар өз жұмысын қайта бастайды: 

  • Сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық қызмет көрсететін объектілер (infokazakhstan.kz порталында тіркелу, алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге  4 ш. м.);
  • Фитнес-орталықтары, спорттық-сауықтыру орталықтары, тренажер залдары, спорт кешендері, СПА-салондар, сауналар, бассейндер (infokazakhstan.kz порталында тіркелу, толымдылығы 30% аспайтын, бірақ 50 адамнан артық емес, алдын ала жазылу, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау);
  • Діни нысандар (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізбей).

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың, "Атамекен" ҰКП және отандық тауар өндірушілердың талқылаудың қорытындысы бойынша бір рет қолданылатын медициналық маскалардың шекті бөлшек саудадағы бағасы 80 теңгеден 60 теңгеге дейін, яғни 25%-ға төмендетілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір