• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 12:56:02
Алматы
+35°

"Гарант 24 Ломбард", "Выгодный заим" және "Estete ломбард" қаржылық пирамидаларына қатысты ішкі істер министрлігіне жәбірленушілерден 17 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Келтірілген материалдық шығын 22 миллиардтан астам теңгені құрады. Бұл туралы ішкі істер министрлігі тергеу бөлімінің бастығы Санжар Әділов ведомство парақшасындағы онлайн брифинг барысында мәлімдеді.

Осы ұйымдардың басшыларына қатысты 32 қылмыстық іс тіркелді. 51 күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды, жеті күдіктіге іздеу жариялаған.

Әбділов күдіктілерден 70 миллион теңгеден астам қолма-қол ақша алынғанын, тергеу барысында күдіктілердің екі миллиард теңгеден астам мүлкі табылып, тәркіленгенін және қамауға алынғанын айтты.

Бұған дейін наурызда "ESTATE Lombard" ЖШС директоры Әсет Ысқақов Қырғызстаннан, сәуір айында "Garant 24" компаниясының негізін қалаушы Аслан Мырзабеков Молдовадан экстрадицияланды. Маусымда пирамида жасаушылардың бірі Сергей Фролов Мәскеуде ұсталған болатын.

Жалпы, қаржылық пирамидаларды құруға байланысты қылмыстық істер саны бірнеше есеге өскен.

Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың басынан бастап министрлікте қаржы пирамидаларын ұйымдастыру бойынша 217 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде 116 қылмыстық іс сотқа жолданды, барлығы 79 күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Қазіргі уақытта ішкі істер министрлігінің тергеу басқармасы түрлі қаржылық пирамидаларға қатысты 13 қылмыстық істі тергеп жатыр...

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір