• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 06:19:54
Алматы
+12°

Қоғам белсендісі, Демократиялық партия құру бойынша ынталы топ жетекшісі Жанболат Мамай мен оның жақтастары 4 тамызда бір реттік несие амнистиясын жариялау бастамасын қолдаған 100 мыңға тарта адамның қолын президент әкімшілігінің канцеляриясына өткізген. Белсенділердің бастамасына бүгін, 15 қыркүйекте қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен жауап келді.

Жолданған хатта кредиттеу көлемінің шамадан тыс өсіп кетпеуі үшін агенттік тарапынан жасалған, жасалып жатқан шаралар тізімі ұсынылып, сырғытпа жауап берілген.

 

Хат мәтінінің соңында банктерден қарыз алушылардың берешегін қайта құрылымдауға, борыш жүктемесін азайтуға бағытталған шараларды жүргізу талап етіледі деліне келе, борышкерлердің кредит бойынша міндеттемесін орындатқызатын, яғни кредитті төлететін шаралар да талап етіледі деп көрсетілген.

 

Белсенді Мамай facebook парақшасына "арыз тапсырған 100 мыңға тарта адамның мәселесі жеке қаралады делінген (хатта - ред). Бірақ бүкіл елде талап орындалу үшін мыңдаған адам қатысқан бейбіт митинг керек екені сөзсіз" деген жазба қалдырды.

Артынша әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, "билік 13 қыркүйектегі митингке аз адам жиналғандықтан осындай сырғытпа жауап берді" дегенді айтып, несие амнистиясын жариялату үшін талапты көптеп қою қажеттігіне назар аударды. Сөз соңында талап орындалуы үшін Демпартиямен бірге жұмысты ары қарай жалғастыруға шақырды.

Несие амнистиясы бойынша арызға биліктің берген жауабы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір