• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:06:38
Алматы
+35°

Мәжіліс депутаты Асылбек Смағұлов Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында хабарланды.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Асылбек Смағұловтың кандидатурасын Орталық сайлау комиссиясы мүшесі ретінде тағайындау туралы ұсыныс енгізген.

Смағұлов Асылбек Айжарықұлы 1970 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында дүниеге келген. Заң ғылымдарының докторы, профессор.

ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген.

2000-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы полициясының академиясында қылмыстық құқық және криминология кафедрасының доценті, бастығы, академия бастығының ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі орынбасары, академия бастығының оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

2012-2016 жылдары "Қазақстан Республикасының Заңнама институты" ММ директоры қызметінде болған.

2016 жылғы 24 наурыз айынан бастап "Нұр Отан" партиясынан VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.

Бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір