16 Қыркүйек, 2020 NEWS

АҚШ Тынық мұхитқа 11 мың әскер жіберді, Қытай соғысқа дайын екенін мәлімдеді

Getty

Америка Батыс Тынық мұхитына үлкен әскери жаттығулар жасау үшін 11 мың сарбаз жіберді, ал Қытай соғысқа дайын екенін ескертті. 

АҚШ армиясы Гуамда 10 күнге созылатын әскери операцияны бастады. Оған құрлықтағы, теңіздегі және әуедегі жаттығулар кіреді.

Вашингтон елдің ең ірі әскери кемелері мен 100 ұшағын Батыс Тынық мұхитындағы АҚШ аумағына жіберді.

Бірақ бұл операция Қытайды шамына тиіп, Бейжің қазір "соғысқа дайынбыз" деп мәлімдеді.

АҚШ Үнді-Тынық мұхиты аймағында өзінің әскери жаттығуларын көбейтіп келеді.

АҚШ-тың Тынық мұхиты флотының теңіз операцияларының директоры контр-адмирал Майкл Бойлдың айтуынша, бұл операция АҚШ әскери күштерінің өнімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Ал Қытай коммунистік партиясының насихат басылымы болып есептелетін Global Times Бейжіңді соғысқа дайындалуға шақырған.

Ілмек сөздер: Қытай АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір