• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:18:59
Алматы
+35°

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айқын Қоңыров пандемияға дейін салықты уақытылы төлеген жеке және заңды тұлғаларға кең көлемді несие амнистиясын жариялауды ұсынды. 

– Карантин кезінде, ресми мәліметтер бойынша, 4 миллион 200 мың адам жұмыспен қамтылмаған. Шын мәнінде, жұмыссыздық 46 пайызға дейін өсті. Бұл жұмыссыздық деңгейі біздің тарихымызда бұрын-соңды болмаған. Қазіргі дағдарыс тек санитарлы-эпидемиология ғана емес, сонымен бірге еңбек төтенше жағдайы болып табылады. Жағдайға сәйкес төтенше шаралар қажет, – деді депутат премьер-министрге жолдаған сауалында.

Депутат пандемия кезінде халықтың қарызды күнделікті тұрмыс-тіршілік үшін алып жатқанын атап айтты.

– Бұрын халық тұрмыс техникасы, қымбат киім-кешек сатып алу үшін, түрлі отбасылық іс-шаралар үшін қарыз алатын. Қазір шектеу шаралары кезінде қарызды оқуға, емделуге, күнделікті киім мен тамаққа алып жатыр.

Елімізде шектеу шараларына дейін салықты дұрыс төлеген, жұмыс орындарын ашқан және карантин мен локдаун кезінде несие бойынша қиын жағдайға тап болған, өз құқығы шектелген қаржы институттарының қысымында қалу қаупі бар жеке және заңды тұлғалар үшін кең ауқымды несие амнистиясын жүргізу қажет, – деді Қоңыров

Тағы оқыңыз!

♦ Мамайға биліктен жауап келді. Кредит кешіріле ме?

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір