• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:03:08
Алматы
+35°

19 Қыркүйек, 2020 NEWS

Трамп: Ресей мен Қытай АҚШ-ты "қызғанады"

"Бізде супер-пупер-гиперсониялық зымыран бар, ол қарапайым зымыранға қарағанда бес есе жылдам"

Фото: Интерфакс

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей гипердыбысты қаруды Барак Обаманың әкімшілігінен ұрлап алып, жасап шыққан деп мәлімдеме жасады. Президент осылайша құпия ақпаратты ашты деген айыптауларға жауап берді, деп хабарлады РИА Новости.
 
– Түкке тұрғысыз біреу: "Ол құпия ақпаратты жариялап жатқан секілді" деп жатыр. Жоқ. Мен әлемге бізде ең күшті қару бар екенін айттым, бірақ мен бұл қандай қару екенін айтпаймын. Біз оны ешқашан қолданбаймыз деп үміттенемін. Бізде супер-пупер-гиперсониялық зымыран бар, ол қарапайым зымыранға қарағанда бес есе жылдам. Ал Ресей бұл ақпаратты Обама әкімшілігінен ұрлап, өздері жасап алған, – деді Трамп сайлауалды митингіте сөйлеген сөзінде.
 
Трамп тағы да АҚШ-тың әлемдегі ең қуатты қаруы бар екенін қайталап айтты.
 
– Бізде қазір адам қолынан жасалған ең үлкен қару бар. Біз әскерді жандандырып, оны ешкім мүмкін емес деп ойлаған деңгейге көтердік. Мен адамзатқа белгілі ең күшті қаруды жасадық деп айттым. Бұл рас, – деді ол.

Президенттің айтуынша, бұл қару озық технология қатарында, сондықтан Ресей мен Қытай АҚШ-ты "қызғанады".

– Олар бізде не бар екенін білмейді, бірақ ешкім ешқашан естімеген бір дүние екенін сезіп, біліп отыр, – деп қорытындылады Трамп.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір