19 Қыркүйек, 2020 NEWS

Тоқтар Жақаш: Екінші видеодағы адам мүлдем басқа

Фото: Видеодан скрин

"Бекболат Тілеухан заңсыз қару сату саудасында көмектесті" деген жігіттің видеосын алғашқылардың бірі болып журналист Тоқтар Жақаш facebook парақшасында жариялаған болатын. Сол бейнежазбадан кейін де жазбалар жазылды. Желі белсендісі бұл жолы Талғат Рысқұлбековтың салған видеосына күмәні бар екенін жеткізді. 
 
Талғат Рысқұлбеков "шетелге қару саттық" деген азаматтың Бекболат Тілеуханнан кешірім сұраған видеосын жариялаған еді. 
 
Төменде Тоқтар Жақаштың жазбасы өзгертусіз берілген.
 
"Екі әңгімем бар. Біріншісінен бастайын. Талғат Рысқұлбеков деген мракобес "Қару туралы видеодағы жігіт ақталды" деп бір видео салыпты да мені өздерінің ақидасы бойынша қарғап-сілеп тастапты (қарғысы өз басына көрінсін!) Бірақ ол видеодағы адам мүлдем басқа. Басқа екенін ажырату үшін ешқандай эксперт болудың қажеті жоқ. Көзің сәл дұрыс көріп, құлағың дұрыс естісе болды. Екіншіден, ол жігіт расымен солай шыққан күні Рысқұлбековтың постына лайк басқан "Асыл арналық" Мұхамеджан Тазабек, Ардақ Байғабыл, Біржан Байтуов, Ерлан Әбдіраман деген үлкен-кіші мракобестері сол сәтте алақайлап сүйінші сұрап, мың рет бөлісер еді! Айтпақшы, Рысқұлбековтың қарғысына лайк басқаны - дәл осы "Асыларналықтардың" бет-бейнесін ашып көрсетіп тұр. Яғни, тілінен тәтті тезек түсетін Мұхамеджаннан бастап, барлығы бірдей қарғыс айтуды тәжірибеде қолданады дегенді білдіреді. Актер Ұлан Нүсіпәлінің басқан лайкы да негізінен дұрыс болды. Ұлан Нүсіпәлінің туған інісі - Байтақ - Мұхамеджанның туған қарындасын алып отыр. Қазір Байтақ "Асыл арнаның" завхозы. Олардың тілімен айтқанда "шаруашылық істері бойынша директоры". Сонда, Ұлан мен Мұхамеджан туған құда болып шығады. Байқауымша, Ұланның ақидасы да осылардан алыс емес.
Жағдайға қарағанда видеороликтегі жігітке ұқсайтын біреуді іздеп тауып, әлгіндей "кешірім сұрату" сценарийі де алдын-ала ойластырылған секілді. Әйтпесе, роликтің шыққанына бір апта болды. Осы уақытқа дейін әлгі адамдарды тауып алар еді ғой!" делінген жазбада.
 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір