21 Қыркүйек, 2020 NEWS

СІМ бұрынғы жауапты хатшысы мен Өзбекстандағы экс-елші жауапқа тартылды

Фотоколлаж

Нұр-Сұлтан қаласында СІМ экс-жауапты хатшысы Анарбек Қарашаевқа қатысты сот үкімі шықты. Сонымен қатар Қазақстанның Өзбекстандағы экс-елшісі Ерік Утембаев жауапқа тартылды, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі. 

№2 Байқоныр аудынының сотында Анарбек Қарашев және өзге де тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қаралды.

СІМ бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашаев елшілік ғимаратының құрылысы үшін және қосылған құн салығына бөлінген ақшалай қаражаттарды жымқырғаны, сондай-ақ, ол кәсіпкерлерден пара алғандығы, ақшалай қаражатты заңдастырғаны үшін айыпталды.

Өзбекстандағы бұрынғы елші Ерік Қарашев көмектескені үшін айыпталды.

Қарашев және Утембаевқа 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы (бап санкциясы 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыруды қарастырады) тағайындалды.

Ілмек сөздер: сот үкім елші хатшы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір