• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:35:32
Алматы
+35°

Фото: Көрнекі сурет

Еліміздің болашағы – балалардың алаңсыз білім алуы мақсатында жыл сайын тұрмысы төмен отбасы балаларына көмек көрсетіліп келеді. Осы орайда ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы аясында «Атамекенім» қоғамдық қорының қолдауымен www.atamekenim.kz порталы ашылып, аталған сайтқа Іле ауданындағы № 15 мектептен 64 ата-ана тіркелген болатын.

Жыл бойы жалғасын табатын «Мектепке жол» акциясы аясында К. Әзірбаев атындағы №15 орта мектебінің 7 «Г» сынып оқушысы, көпбалалы отбасынан шыққан Оксана Смирноваға Іле ауданы ветеринариялық стансысының директоры Мұрат Манкеев смартфон сыйлады. Мектептің директоры Салтанат Бектұрғанова көпбалалы, әл-ауқаты төмен отбасын «Nokia» ұялы телефоны және азық-түлікпен қамтыса, мектеп әкімшілігі үйден оқитын қыз балаға смартфон алып берді. 4 «З» сынып жетекшісі Ш. Жұматаева аз қамтылған отбасынан шыққан оқушының қашықтан оқуына мүмкіндік ашып, компьютер мен ғаламтор желісін орнатып берді. Бұдан басқа да 40-қа жуық көпбалалы, аз қамтылған, толық емес отбасынан шыққан оқушыларға кеңсе заттары, сөмке, рюкзак беріліп, ғаламторға қосылу үшін көмек көрсетілді. Сонымен қатар, мектеп тарапынан 50-ге жуық компьютер онлайн форматында оқу үшін оқушыларға уақытша пайдалануға берілді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: іле ілкімді істер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір