22 Қыркүйек, 2020 NEWS

Асхат Аймағамбетов: Қазір миға сыймайтын есеп түрлері бар

Фото: Азаттық Радиосы

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппараттық отырысында ЖОО ұстаздары қажетсіз жұмыстардың бәрінен босап, өз міндетімен айналысуы керектігін мәлімдеді. 

– Қазіргі уақытта біз академиялық және басқарушы құзыреттердің бәрін университеттерге беріп жатырмыз. Соның шеңберінде министрлік реттеп отырған әртүрлі құжаттың бәрін алып тастадық. 2 қыркүйек күні бұйрыққа қол қойып, оны Әділет министрлігіне тіркедік. Енді осы бұйрықтың шеңберінде жұмыс істеу керек. Білім және ғылым министрлігі университеттерден ешқандай құжаттарды талап етпейді.

Мойындау керек қазір миға сыймайтын есеп түрлері бар. Кәсіпті айқындау журналы, жұмысқа орналасқаны туралы анықтама талап етіледі. ЖОО-лардың бәрі демеймін, бірақ біразы әлі күнге дейін осы анықтаманы талап етіп жүр. Оның не керегі бар? Білім және ғылым министрлігіне ол құжат мүлде керек емес. Жұмысқа орналасу көрсеткішін біз басқа мемлекеттік органдардың электронды базасынан ала саламыз. Мәліметтер жетеді. Тіпті педагогтарға ойға сыймайтын талапты қоятындар бар. Әсіресе жазда кейбір ЖОО-лардағы педагогтардың жұмысы қаншама абитуриентті оқу орнына тарта алатынына байланысты бағаланады. Бұл тіпті нонсенс. Шын мәнінде педагог өз ісімен айналысуы керек, – деді министр.



Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір