• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:32:46
Алматы
+35°

Басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіровтың орнына Ермағанбет Бөлекпаев тағайындалды. Бұл туралы Қарағанды қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс орталығының жаңа басшысын жұртшылыққа облыс әкімі Жеңіс Қасымбек таныстырды. 

– Ермағанбет Қабдолұлының жұмыс тәжірибесі мол. Ол өз жобалары мен бастамаларын лайықты жалғастыратынына сенімдімін. Мен Нұрлан Ерікбайұлына атқарған үлкен жұмысы үшін алғысымды білдіремін. Оның қалада жұмыс істеген кезеңінде көптеген жүйелі мәселелер шешілді. Олардың көпшілігін ол өзі бастап, өзі шешті. Аулаларда, қаладағы үйлердің қасбеттерінде көп нәрсе жасалды, бірақ әлі де көп жұмыс жасау керек, – деді Жеңіс Қасымбек.

Қарағанды облысының әкімі қала басшысының алдына коммуналдық сипаттағы және қоғамдық көлік мәселелерін шешу секілді бірқатар міндет қойды.

– Ермағанбет Бөлекпаев оған сенім артқаны үшін алғысын білдірді. Осы кезеңде көп жұмыс атқарылды. Алда әлі де ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сіздермен бірге алға қойылған міндеттерді орындайтынымызды айтып, сендіргім келеді, – деп атап өтті ол.

Ермағанбет Бөлекпаев 2018 жылғы қарашадан бастап қазіргі таңға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір