23 Қыркүйек, 2020 Саясат

"Ауыл" партиясы: Жерді шетелдіктерге жалға бермейміз

Фото: ortcom.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ауыл» ХДПП орталық аппартының жетекшісі Қуаныш Сейтжанов саяси ұйымның жер мәселесіне қатысты көзқарасын жеткізді. Оның айтуынша, қоғамды алаңдатып жүрген бұл мәселе нарықтық принциптер енгізілгелі 1992 жылдан бері көтеріліп жүр. Содан бері түрлі көзқарастар айтылып, пікірталастар болып жатыр.

"Жер дегенде қазақтың мәдениетіне қайшы қаншама сөздер, көзқарастар бар. Бұл жерді ата-бабамыз бүгінгі азаматтарымызға аманат ретінде тапсырып кетті. Қаншама қантөгіс болып, жаулармен соғысып отырып, сойылмен, шоқпармен жерді алып қалғанда, оны біреуге сатуға, жалға беруге ешқандай құқығымыз жоқ", – деді партия өкілі. Тіпті ата-бабамыздың алдында да, келешек ұрпақтың алдында да біз бұған бара алмаймыз.

Спикер бұл мәселенің әлеуметтік-экономикалық маңызы зор екендігін атап өтті. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында осы мәселеге нүкте қойды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір