24 Қыркүйек, 2020 NEWS

Қытай шетел азаматтарына елге кіруге рұқсат берді

Фото: bbc.com/russian

Жұмыс бабымен, жеке істерімен және отбасыларымен қосылу мақсатында Қытайға уақытша тұруға құжаты бар адамдар кіре алады. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады.

Порталдың хабарлауынша, бұл үшін жаңа виза рәсімдеудің қажеті жоқ. Ал егер мерзімі өтсе, Қытайдың шетелдегі дипломатиялық өкілдіктеріне барып, жаңа құжат алуына болады. Үкіметтің бұл үкімі 28 қыркүйекте күшіне енеді.

Еске сала кетейік, наурыз айының соңында Қытайда індеттің өршуіне байланысты визалары бар шетел азаматтарына да ол жаққа келуге тыйым салынған болатын. Соңғы айлары Қытай эпидемиологиялық ахуалы жақсарған елдердің азаматтарына біртіндеп шекарасын аша бастады.


Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір