25 Қыркүйек, 2020 NEWS

Алматы метросының Райымбек батыр бекеті уақытша жабылады

Фото: 2gis.kz

Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі Райымбек батыр бекетінің үш күнге жабылатынын хабарлады.

"Құрметті жолаушылар, 2020 жылдың  25, 26, 27 қыркүйегінде сағат 18:00-ден метрополитеннің Райымбек батыр бекеті техникалық себептер бойынша жабылатын болады.

Жібек жолы бекетінен Мәскеу бекетіне дейін барлық жолаушылардың өз маршруттарын ертерек түзетулеріңізді өтініп сұраймыз.

Ыңғайсыздық тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз!" делінген таратылған ақпараттық хабарламада.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір