• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 01:25:05
Алматы
+12°

Испания үкіметі Мадрид билігін қалада коронавирус бойынша шектеулерді қатаңдатуға шақырды. Испан билігінің мәліметінше, қатаң шектеулерсіз тұрғындар үшін "үлкен қауіп" туындайды.

Мадрид жұма күні Covid-19 таралуы ауыр аймақтардағы шектеулерді ұзартты, бірақ бүкіл қаланы локдаунға алудан бас тартты.

Сенбіде Испанияның денсаулық сақтау министрі Сальвадор Илла қазіргі шектеулер жеткіліксіз болғанын айтты.

Ол пандемияны бақылауға алу үшін "бел шеше қимылдайтын уақыт келді" деді.

"Тұрғындар үшін, көршілес аймақтар үшін үлкен қауіп бар" деген министр азаматтардың денсаулығын бірінші орынға қоюға және бүкіл қаланы ішінара бұғаттауға шақырды.

Испанияның аймақтары денсаулық сақтау саласына жауапты, сондықтан орталық үкіметтің өзі қалаған шектеулерді қоюға құқығы жоқ.

Мадрид тағы да Испанияның коронавирус эпидемиясының эпицентрінде, қала осы жылдың алғашқы шыңында болған еді. Елде жұма күні тағы 12 272 жағдай тіркеліп, олардың жалпы саны 716 481-ге жетті, бұл – Батыс Еуропадағы инфекцияның ең жоғары көрсеткіші.

Испанияда және солтүстік жарты шардағы көптеген басқа елдерде соңғы апталарда коронавирус пандемиясынеың екінші толқыны байқалды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) қыстың жақындауына байланысты Еуропада және басқа жерлерде вирустың қайта жандануы туралы қатаң ескерту жасады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Испания

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір