28 Қыркүйек, 2020 Барлық аймақтар

А.Мамин мен Р.Минниханов 261 миллиард теңге инвестицияға үш автомобиль жобасын бастады

Фото: primeminister.kz

Қостанай қаласында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин мен Татарстан Президенті Рустам Минниханов келіссөз жүргізіп, Қазақстанда 261 млрд теңге инвестицияға үш бірлескен автомобиль жасау жобасын іске асыруды бастап берді

Іске асатын жобалар қатарында мыналар бар: Қостанай Индустриялық аймағында "КАМАЗ" шойын құймасын және жүк техникасының белдігіне арналған құрамдас бөлшектер өндіру зауыттарын салу, сондай-ақ Қарағанды облысының Саран қаласында автомобиль шиналары өндірісін ашу.

Бірлескен кәсіпорындардың жобалық қуаттылығы жылына 40 мың құйылған компонентті (цилиндр блоктары, цилиндр блоктарының бастиектері және жүк автомобильдеріне арналған белдік картерінің тұтас құйылған арқалықтары) және жүк автомобильдерінің жетекші белдігінің бас берілістерінің 86 мың редукторын құрайды. Инвестицияның жалпы көлемі — 150,7 млрд теңге. Шектес салаларды ескере отырып, шамамен 1 200 жаңа жұмыс орны құрылады. Өнімді жергіліктендіру деңгейі 60-70%-ға жетеді. Зауыттарды салуды 2023 жылы аяқтау көзделген.

Жобаларды іске асыру Қазақстанды ТМД нарығындағы жүк техникасын ірі өндіруші жеткізушілердің жаһандық технологиялық тізбегіне қосады — "КАМАЗ" ЖАҚ – өнімнің 95%-ы экспортталады.

А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Миннихановтың қатысуымен Қарағанды облысының әкімдігі мен "Татнефть" ЖАҚ арасында автомобиль шиналарын өндіру жобасын Қарағанды облысының Саран қаласында іске асыру туралы инвестициялық меморандумға қол қойылды.

Зауыттың өндірістік қуаттылығы жеңіл техникаға арналған 3 млн шина мен коммерциялық техника және автобустарға арналған 500 мың шинаны құрайды. Мұнда 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 111 млрд теңгені құрайды. Жобаны 2022 жылы іске асыру жоспарланған.

Автомобиль жасау саласындағы өндіріс көлемі жыл басынан бері 51,8%-ға ұлғайды, негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,6 еседен астамға – 9,4 млрд теңгеге дейін артты, — деді А. Мамин.

Ілмек сөздер: Асқар Мамин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір