• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:31:09
Алматы
+35°

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен қалай ауырғанын айтты, деп хабарлады Tengrinews.kz.

– Мен ауырып шықтым, ондайды ешкімге тілемеймін. Сондықтан маскаларыңызды шешпеңіздер. Тіземен немесе шынтақпен амандасыңыздар, өздеріңізге абай болыңыздар. (...)", – деді Нұрсұлтан Назарбаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Тұңғыш президент қазақстандықтарға тілеген тілектері үшін алғысын жеткізді.

– Маған бүкіл Қазақстаннан тілектер айтылды. Әріптестерімнің, бүкіл әлем президенттерінің, министрлердің тілектері жазылған мыңдаған жеделхат алдым. Тағы да бәріне рахмет. Менің ойымша, бұл да өтеді. Қазір вакцина  180-ге жуық елде әзірленіп жатыр. Қазақстанның өз вакцинасы бар. Біз Ресеймен келістік, алғашқы үміткерлердің бірі боламыз. Мысалы, АҚШ-та дәрі ойлап тапқан кезде оның 10 жылдан кейін рұқсат етілетіні айтылды. Сондықтан біз бұл вакцинаны күтеміз. Қалай болса, менің ойымша, бұл көрсеткіш төмендейді. Ауырмаңыздар, барлығыңызға денсаулық тілеймін, – деді Елбасы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір