• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:15:57
+35°

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандық салымшылардың 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қанша қаражат жинағанын жариялады.

Президент Тоқаев жуырдағы жолдауында 2021 жылы БЖЗҚ салымшылары өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге және қаржы компанияларының басқаруына беру үшін ала алатыныы туралы айтқан.

Осыған байланысты жыл соңына дейін барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілерді түпкілікті қабылдау үшін дайындық жұмысы жүргізілуде.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, 10 870 610 адамның шотында зейнетақы жинағы бар. Салымшылардың 5 615 939-ы ер, 5 254 671-і әйел адам. Олардың жалпы жинағы 11 триллион 942 миллиард 813 миллион теңгеге жеткен, оның ішінде 7 триллион 40 миллиард 32 миллион теңге ер азаматтарға, ал 4 триллион 902 миллиард 781 миллион теңге әйелдерге тиесілі.

  • 5 906 632 адамның 500 мың теңгеге дейінгі жинағы бар;
  • 1 590 837 адам 501 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін қаражат жинаған;
  • 2 348 114 адам 1 миллион теңгеден 3 миллион теңгеге дейін;
  • 634 188 адам 3 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін жинаған;
  • 238 931 адамның 5 миллионнан 8 миллион теңгеге дейінгі салым бар;
  • 151 908 адам 8 миллион теңгеден жоғары зейнетақы жинағына ие.

Бұл ретте ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы – 1 миллион 254 мың теңге, ал әйелдерде – 933 мың теңге.  

Алайда бүкіл жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданыста болған кезең ішінде жарналарды тұрақты түрде аударып отырған адамдардың зейнетақы жинақтарын бағалайтын болсақ, онда 1998 жылдан бері зейнетақы жарналарын ай сайын аударып отырған салымшылардың арасында ер азаматтардың жинақтарының орташа сомасы 5,8 млн теңге, ал әйелдерде 4,4 млн теңге.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір