• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:08:47
Алматы
+35°

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде иттер төбелесінің видеосы таралды. Бейнежазбаның Алматы облысы Жамбыл ауданын түсірілгені анықталып, жергілікті әкімдік мәселеге түсінік берді, деп хабарлады Tengrinews.kz.

"Алматы облысы, Ұзынағаш ауылында ит төбелесін ұйымдастырады. Видеодан иттердің өмірге емес, өлім үшін күресіп жатқанын көруге болады. Сонымен қатар, жануарлардың иелерінің де қуанышын байқаймыз. Шамасы ақша ұтқандарына мәз секілді. Бұндай турнирлерді тоқтатқан дұрыс па?" делінген  видео жарияланған жазбада. 

Кадрдан байқалғандай, иттер төбелесі түнгі уақытта өткен. Алаңның айналасы жанкүйерге толы.

Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімдігі болған жағдайда түсініктеме берді.

– Иттердің жекпе-жегі өткен жер бұрын мал базар болған. Бұл жерді біреу сатып алды. Қазір ол аумақтық жағынан Қарасай ауданына жатады. Әкімдік ит төбелесіне рұқсат бермеген және бермейді. Қазір ауыл әкіміне тапсырма берілді. Олар ұйымдастырушыларды іздестіреді. Тапқан кезде әкімшілік кодекске сай жазалайды, – деді Жамбыл ауданының баспасөз хатшысы Бахтияр Айталы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір