• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 03:05:51
Алматы
+35°

Алматыда қала күні қарсаңында «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын алған азаматтарды марапаттау рәсімі өтті. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ерекшелік белгілері мен «Еңбегі үшін» төсбелгісін табыс етті.

Қаланың құрметті азаматтары арасында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің III, IV, V шақырылымының депутаты Тұрарбек Асанов та бар.

«Қаладағы жұмысымызды жоғары бағалағаны үшін алғыс айтқым келеді. Біз үшін бұл үлкен құрмет. Елбасы кезінде Ақмоланы Астанаға ауыстырған кезде ұшақта бізге былай деп еді: „Сіздер, алматылықтар, қаланы құлатпайсыздар. Мен бұл жерді ешқашан ұмытпаймын. Қолымнан келгеннің барлығын жасаймын, ал сіздер осыны халыққа жеткізулеріңіз керек“. Содан бері Алматы өзінің ұлылығын жоғалтқан жоқ. Біз өз қаламызды оңтүстік астана деп атаймыз. Құрметті атақтың барлық иегерлерін құттықтаймын! Баршаңызды мерекемен құттықтаймын. Отбасыларыңызға бақыт, қуаныш пен жақсылық тілеймін. Қаламыз одан әрі гүлдене берсін», — деп, Т. Асанов алматылықтарды қала күнімен құттықтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір