• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:42:55
Алматы
+35°

Алматыда қала күні қарсаңында «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын алған азаматтарды марапаттау рәсімі өтті. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ерекшелік белгілері мен «Еңбегі үшін» төсбелгісін табыс етті.

Рәсім барысында режиссер, театр және кино актері, ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Досхан Жолжақсынов, жоғары баға бергені үшін алғысын білдіріп, қала тұрғындарын қала күнімен құттықтады.

«Ұлы Гумилевтен былай сұраған екен: „Зиялы қауымға жатасыз ба?“ дегенде: „Жоқ, менің басқа мамандығым бар, мен өз халқымды жақсы көремін“, – деп жауап берген екен. Сондықтан, біз бәріміз осы ұлттың өкіліміз. Ата-аналардың тәрбиесін сіңіре отырып, білім іздеп Алматыға 1969 жылы келдік. Содан бері осында тұрамыз. Біздің студенттік өміріміз Алматыда өтті. Кәсіби білім алып, театрға келіп, киноға түстік. Біздің алғашқы көрермендеріміз алматылықтар болды. Қабдеш аға, Шәмша Көпбайқызы, Нина Әмірқызы-мен оларды көргеніме қуаныштымын және осы көрнекті тұлғалармен мақтанамын. Джефферсон бір кездері: „Мемлекеттің негізі – халық“, – деді. Халық-өз міндеттері мен парызын түсінетін ақылды адамдар. Қала әкімшілігі бұл іске өз үлесін қосуда. Жастардың жүрегіне Отанға және жерге деген сүйіспеншілікті ұялатады. Үлкен мереке-қала күні жақындады. Алматы қаласына алғысымды білдіргім келеді. Барлығымызға мықты денсаулық тілеймін. Бүгінгі күн – Алматы мен алматылықтардың рухы мықты дегеннің белгісі», — деді Д. Жолжақсынов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір