• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 05:18:57
Алматы
+35°

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Мәңгілік Қазақстан» қоры бірнеше әлеуметтік жобалар мен қатар елімізге танымал тұлғаларды кеңінен дәріптеу мақсатында бірнеше жобаларды қолға алған еді. Соның бірі шығыстың, күллі Түркі әлемінің мақтанышына айналған әл Фараби бабамыздың туғанынына 1150 жылдығына орай өткізіліп жатқан Республикалық іс шаралар. Алғашқы кездесуді Алатау аудандық жұртшылығы мен филолгия ғылымдарының докторы, профессор, шығыстанушы Әл-Фараби атындағы ҚАЗ ҰУ  «Иран Тұран» зерттеу орталығының директоры Ислам Жеменеймен болған еді.

«Менің туған жерім Иран болғандықтан,  менің Әл-Фарабимен 17 жасымда басталған.  Иран ислам мемлекетінде мектеп бағдарламасы  12 жылдық, сол соңғы жылында дайындық курсының негізгі пәндері оқытылатын еді. Соңғы біз философия пәнімен танысып, Әл-Фарабидің есімін алғаш естідім» - дейді. Жалпы алыс жақын шет елдермен шығыста Фарабидің еңбектерін мектеп қабырғасында ақ оқытуды қолға алған, көбіне  философ ретінде танымал.  Сөзімнің басында жаза кетейін, биылғы жылы бірқатар шаралар қолға алынып, Фараби оқулықтары бала-бақшадан бастау алатыны туралы жаңалықтарда шығып жатыр, алыс-жақын шетелде мектеп бағдарламасына енгізілген әлемнің екінші ұстазымен біздің бүлдіршіндер бақша қабырғасында жүріп таныс болатын кезде алыс емес. Әл Фарабиді алғаш естуім мектеп қабырғасында жүргенде еді», дейді Бостандық ауданы жұртшылығымен кездесуде тарих ғылымдарының докторы Хангелді Әбжанов..  «Фараби еңбектерінде көбіне адамгершілік, мейірім жайлы толғанған соң, исламмен байланыстыра отыра жазылған, шындық еліміз КСРО құрамында болғанда Фарабиді танитындар көп болмады» Иә, рас ғұламаның  мың жылдығы да елеусіз өте шықты, еліміз тәуелсіздік ала бастаған алғашқы жылдары төл теңгемізге Әл-Фарабидің бейнесі шығып халыққа кеңінен таныстырыла бастаған еді.  «Мәңгілік Қазақстан» қорының ұйымдастырып жатқан жобаларының жастарға берері көп екенін, көзі қарақты,  әр кездесуді үзбей көріп жүрген жастар, аудан тұрғындары түсініп келеді. Әр кездесуде Әбу-Насыр Әл-Фарабидің біз білмейтін қырларымен таныстырып отыруды мақсат тұтқан шығыстанушы ғалымдарымыз Фарабидің еңбектерінің әлі де қазақ-тіліне аударылар еңбектерінің мол екендігін болашақ жастар осы мәселені қолға алса деген ойларын ортаға салды..

«Биылғы жылы президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Республикалық деңгейде үш мереке тойлануда, атап айтар болсақ ғұлама ғалым Әл-Фарабиге  1150 жыл, сондай ақ қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына  175 жылдық мерейтой, Алтын Орда мемлекетінің құрылғанына 750 жылдық. Осы мерейтойларды насихаттау мақсатында Алматы аудандарында жеке-жеке кездесулер өткізіп жатырмыз. Әр кездесу қазіргі пандемия жағдайына сәйкес онлайн түрде өтуде. Алдын ала  аудандық әлеуметтік парақшаларда келетін қонақтардың аты-жөнін, кездесу болатын күнімен сағатын жариялап, тікелей эфирде өткіземіз. Әркім өздеріне қызықты  сұрақты алдын ала әлеуметтік желіде немесе тікелей эфир барысында қоя алады. Алда тағы біраз жоспарлар бар, реті келгенде халыққа айтамыз» дейді,  «Мәңгілік Қазақстан» қорының қызметкері, әрі осы кездесулердің медораторы Бейбіт Нәлібаев. 

Аида Кожмамбетова

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: мәңгілік қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір