Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда 5 қазаннан бастап енгізілетін жаңа шектеулер туралы мәлімдеді. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
– Инфекцияның алдын алу мақсатында ведомствоаралық комиссия 2020 жылдың 5 қазанынан бастап келесі шешімдерді қабылдады:
- Басқа елдермен әуе қатынасын қалпына келтіруді тоқтата тұру;
- Әуе қатынасы жаңартылған елдермен рейстер санын көбейтпеу;
- Түркияға рейстер санын азайту.
Екінші санаттағы елдерден келетін азаматтарға мынадай талаптар қойылады:
- термометрмен өлшеу;
- анкета толтыру;
- коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтама (оның алынғанына үш күннен аспау керек).
Анықтама қағазы болмаған жағдайда азамат карантин стационарына екі күнге жатқызылады және COVID-19 анықтайтын лабораториялық талдау жасалады. Нәтижесі шыққан соң, жұқтырғаны расталса, инфекциялық стационарға жатқызылады, – деді министр Цой.
Айта кетейік, ІІ санаттағы елдер қатарына: Швейцария, Ұлыбритания, Польша, Италия, Мажарстан, Аустрия, Нидерланд, Швеция, Румыния, Чехия, Грекия, Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Үндістан, Армения, Ресей, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан елдері енгізілді.
Пікір қалдыру