2 қазан күні Қайрат Жақыпбаев ҚР бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорда сайты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев президент әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Еңбек жолы:
 
1985-1988 жылдары ОҚО Шымкент қаласы, Абай ауданы прокуратурасының тергеушісі;

1988-1991 жылдары ОҚО прокуратурасы тергеу басқармасының прокуроры;

1991-1991 жылдары ОҚО прокуратурасы тергеуді қадағалау жөніндегі бөлім бастығының орынбасары

1991-1993 жылары ОҚО Арыс қаласының ауданаралық прокуроры;

1993-1995 жылдары ҚР бас прокуратурасы аса қауіпті қылмыстарды тергеу жөніндегі басқармасының бастығы;

1995-1997 жылдары мемлекеттік тергеу басқармасы басшысының орынбасары, жалпы қылмыстық тергеулер бас басқармасы басшысының бірінші орынбасары, әскери тергеу департаментінің басшысы, ҚР МТБ алқасының мүшесі;

1997-2000 жылдары ҚР ІІМ әскери-тергеу департаментінің бастығы;

2000-2004 жылдары ҚР Парламентi мәжiлiсi аппаратының заң шығару және мониторинг орталығының директоры, заңнама бөлімінің меңгерушісі;

2004-2006 жылдары ҚР қаржы министрінің қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің төраға орынбасары;

2006-2008 жылдары ҚР парламент мәжілісінің ьөраға кеңесшісі;

2008-2017 жылдары "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" АҚ құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры;

2017 жылы заңды күшіне енген сот актілерінің және олардың орындалу заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы;

2017-2018 жылдары заңды күшіне енген үкімдердің және олардың орындалуы заңдылығын қадағалау қызметінің бастығы;

2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қайрат Жақыпбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір