Журналист Гүлмира Абықай instagram парақшасында үш баласын ұрған ер адамның тергеу изоляторындағы видеосын жариялап, айыпкер ісіне еш өкінбейтінін айтқанын жеткізді.
 
Журналистің сөзінше, балаларын аяусыз сабаған әке ұрып-соғуды тәрбие құралы деп санайтын көрінеді.
 
"БАЛА ҰРҒЫШ әке қамалды. Заңды некедегі ерлі-зайыптының ортақ 3 баласы бар. Күйеуі ішімдікке үйір. Некелескен 9 жылда әйел мен балалардың көрген күйі осы. #маңыздысы әйел осыған дейін өзін көкала қойдай сабаған күйеуіне қатысты 2 рет айтып, 2 рет кешірім берген. Ал, бүкіл жұрттың жағасын ұстатқан кешегі оқиғаға қызуқанды әке өкініп тұрған жоқ, ол әйел бала-шағасынан кешірім де сұрамады. Бар айтқаны:
"Мені осылай тәрбиелеген. Мен де өз балаларымды ұрып тәрбиелеймін! Шаруаларың болмасын, шешең..." делінген журналист жазбасында.
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

БАЛА ҰРҒЫШ әке қамалды. Заңды некедегі ерлі-зайыптының ортақ 3 баласы бар. Күйеуі ішімдікке үйір. Некелескен 9 жылда әйел мен балалардың көрген күйі осы. #маңыздысы әйел осыған дейін өзін көкала қойдай сабаған күйеуіне қатысты 2 рет айтып, 2 рет кешірім берген. Ал, бүкіл жұрттың жағасын ұстатқан кешегі оқиғаға қызуқанды әке өкініп тұрған жоқ, ол әйел бала-шағасынан кешірім де сұрамады. Бар айтқаны: "Мені осылай тәрбиелеген. Мен де өз балаларымды ұрып тәрбиелеймін! Шаруаларың болмасын, шешең..." ???‍♀️

Публикация от Гүлмира Әбіқай (@gulmir_ktk)

 
 
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылында болған оқиға туралы алғаш жазған журналист Жазира Бегалы өзінің ұлдарын аяусыз ұрғанын дұрыс деп есептейтін әке балалары мен жұбайынан кеше кешірім де сұрамағанын жазған.
 
Журналист отбасыдағы зорлы-зомбылыққа төзуге болмайтынын айтып, Қазақстанда бала құқығын, әйелді азаптан арашалау өте қиын шаруа екенін жеткізді.
 
"Таяқ жеген келіншекке қайын жұрты, туысқандары, ауылдастары жағынан қысым жасалатынын білемін" деген ол іс "сотқа жеткенше және сот біткенше, бір емес төрт қорғансыздың тағдырына қатысты тергеу ісін бақылаймын. Баланы ұрған адамның жазалануын талап етемін" деді ол.
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір