06 Қазан, 2020 Саясат
Фото: qamshy.kz
Қырғызстандағы Нарын облысындағы өкілетті өкіл Эмильбек Алымкулов қызметінен кетті. Бұл туралы өкілетті өкіл аппараты хабарлады.
Қырғызстандағы Бішкек және Ош қаласынан бөлек, Нарында да митинг өтуде. Наразы топ аймақ басшысы лауазымына жаңа үміткерді қарастырып жатыр. Эмильбек Алымкулов 2019 жылдың 6 қыркүйегінде аймақ басшысы болып тағайындалған.
Айта кетейік, бұған дейін Талас облысындағы өкілетті өкіл Марат Мураталиев те, Ыстықкөл облысындағы өкілетті өкіл Балбак Тулобаев та отставкаға кеткен болатын.
Оқи отырыңыз: "Атамбаев қайта президент бола ма?". Қырғызстандағы митингке желі реакциясы
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір