• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:58:16
Алматы
+35°

Қырғызстандағы Ош қалалық кеңесінің спикері, "Мекенім Қырғызстан" саяси партиясынан Жоғарғы Кеңес депутаттығына кандидат Жапар Ормоновты орталық алаңға жиналған топ соққының астына алды. Бұл туралы turmush.kg хабарлады. 

Қатысушылардың бір бөлігі Ж.Ормоновты бірден бас салып, ұрып-соғып жатты. Ал оны қолдаушылар агрессивті көпшіліктің арасынан шығарып алуға тырысты. Наразы топ артынан тас лақтырып, қудалай бастады.  

Митингке қатысушылар қала әкімі қызметіне Мелис Мырзакматовты тағайындау туралы ұсыныстарын айтып жатыр. Азаматтардың айтуынша, ол қазір Қазақстанда.

Қырғызстанның қоғам қайраткері Төлөгөн Келдібаевтың айтуынша, болып жатқан жағдайға қазіргі үкіметтің өзі кінәлі. Ол елдегі жағдайды 180 градусқа бұрып жіберетін және одан әрі даму жолына түсе алатын жастарды басшылыққа шақыру керектігін айтты.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қырғызстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір