• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:18:00
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда сайты.

Құжатта Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ереже, агенттіктің құрылымы қоса берілген.

"Агенттікке Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін" делінген жарлықта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді. Президент жарлықты іске асыру үшін үкіметке шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы құжаттың толық нұсқасы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір