• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:02:24
Алматы
+35°

Бүгін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Абай аманаты" атты мақаласы жарияланды.

Назарбаев президент ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдамас бұрын болашақ ел басқарар азаматқа қажет қайраткерлік тәжірибе мен тағылым жайын ой тезіне, көңіл безбеніне тартып, асықпай, зер сала қарағанын айтты.

"Абайдың:

Бас басына би болған өңкей қиқым

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?

... Бірлік жоқ, береке жок, шын пейіл жоқ,

Сапырылды байлығың, баққан жылқың.

Баста ми, қолда малға талас қылған,

Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқың, – деген өкінішін қайталамау қажеттігі тағы алдымнан шықты.

Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап менімен бірге жұмыс істеген Қасым-Жомарт Тоқаевтың адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат екенін есепке алмағанда, оның елдегі ішкі жағдайды саралап қана қоймай, шығыстың да, батыстың да тілдерін меңгергендігін, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарғанын, әлемдік саясаттағы Қазақстанның орнын байыптай алатын дипломаттық қырын да ескердім. Сондай-ақ, өзім айрықша мән беріп келе жатқан ел бірлігі мәселесі мен адамзаттық құндылықтарды үйлестіру қабілетіне сенім арттым" деп жазған елбасы мақаласында.

Назарбаев Қ.Тоқаевтың Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өту туралы шешімі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру", "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақалаларында қойылған мақсаттарды жүзеге асырудың заңды жалғасы және Абай мұрасын заман сұраныстарына сай қайта зерделеудің маңыздылығын білдіретінін атап өтті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нұрсұлтан Назарбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір