• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:57:20
Алматы
+35°

Армения премьер-министрі Никол Пашинян "France press" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында егер Әзербайжан Таулы Карабах бойынша кейбір талаптарынан бас тартса, Армения да келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы rueconomics.ru хабарлады. 

Армян үкіметі басшысының айтуынша, шиеленіс қақтығысушы тараптар бір-бірінің талаптарына құлақ асып, келісім арқылы шешілуі керек.

– Егер Баку шиеленісті шешуге қадам жасаса, Ереван мен Таулы Қарабақ та қарап қалмайды, – деді ол. Әзербайжан тарапы Пашинянның мәлімдемесіне әлі жауап қатқан жоқ.

Бұған дейін Армения премьер-министрінің Таулы Карабаққа барып, онда армян әскерилерімен кездесу өткізгені хабарланған.

Еске сала кетейік, қыркүйектің 27-сі күні Таулы Карабахта қақтығыс басталып, аймақтағы жағдай ушығып кетті.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Армения Қарабах

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір