• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:11:20
Алматы
+35°

Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстандағы дағдарыстық жағдай бейбіт жолмен шешіліп, ішкі саяси жағдайлардың барлығы еш шығынсыз аяқталады деп үміттенеді. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады. 

В.Путин "Россия-24" телеарнасының журналисі Павел Зарубинге берген сұхбатында Қырғызстандағы барлық тараппен тығыз байланыста екенін баса айтты.

– Болған жағдай бізді алаңдатпай қоймайды. Біз бәрі тыныш болады деп үміттенеміз. Қалыпты саяси үдеріс қалпына келеді. Біз барлық қатысушылармен, осы жанжалдың барлық тараптарымен байланыстамыз. Жағдай қалыпқа келгеннен кейін біз Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі екенін ескере отырып, барлық жоспарларымызды Қырғызстанмен жүзеге асыра береміз. Біз бүгін көріп отырған барлық ішкі саяси процестер еш шығынсыз тез аяқталады және аяқталады деп үміттенеміз, – деді Путин.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір